Еңбек өтілі 5 жылдан артық емес жас мұғалімдердің арасындағы ХІІІ республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына Павлодар облысы атынан облыстық кезеннің 21 жүлдегерлері мен жеңімпаз ұстаздары қатысты. Команда құрамында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектебінің 8 педагогі қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша қала мұғалімдері 4 жүлделі орынға ие болды.
Олимпиада жеңімпазы № 40 ЖОМ дефектологі Қымбат Ғаллямқызы Матай Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. № 17 ЖОМ-ның өзін-өзі тану мұғалімі Татьяна Викторовна Стрикунова ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. № 9 гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айымгүл Берікқызы Шукитова және тарих пәнінің мұғалімі Дауржан Қайыргелдыұлы Кульжанов ІІІ дәрежелі диплом марапатталды.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.