Оқушыларға арналған оқу дала жиены туралы
2018 жылдың 14 мамырынан бастап 18 дейін Шарбақты ауданындағы «Лесная сказка» сауықтыру лагерінде Павлодар білім беру бөлімі оқу дала жиены дайындықты жүргізеді.
Мақсат - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, әскери саладағы дағдыларды дамыту, армияның күнделікті өмірімен танысу.
Әскери жаттығуларға 10 сыныптың 380 оқушысы, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастапқы әскери дайындықтарын ұйымдастырушы 40-тан астам мұғалім қатысады.
Оқу-жаттығу бағдарламасында тактикалық, дене шынықтыру, оқ ату, әскери топографияны зерттеу қарастырылған.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі