ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас футболшыларға арналған мастер-класс
17-05-2018 16:28
Жас футболшыларға арналған мастер-класс

2018 жылдың 17 мамыр күні  Павлодар қаласының  № 1 мектеп оқушыларына алғаш рет «Ертіс» футбол командасының ойыншылары мастер-класс өткізді. Мақсаты - жас футболшылардың техникалық және тактикалық дағдыларын жетілдіру және футболға деген қызығушылықтарын арттыру.

«Ертіс»  футбол камандасының ойыншылары Айтбаев Берик и Бекбаев Алмат оқушылармен дайындық  жаттығулары мен жолдастық кездесу өткізді. Соңында № 1 мектеп футболшыларының  алаңда көрсеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп, жаттығуларды жалғастырып, жергілікті футбол деңгейін көтерулеріне тілек білдірді.

«Ертіс» футбол камандасының ойыншыларымен мұндай жаттығулар біздің мектепте бірінші рет жүргізілді. Бізге өте ұнады. Мен де, осы ойыншылардай, футболист болғым келеді», - деп  түйіндеді  № 1 мектептің 4 сынып оқушысы Бакібек Алдияр.

Футбол ойыншыларымен кездесу кездейсоқтық емес. «БжҒМ бұйрығына сәйкес біздің мектеп 1 - 4 сыныптар үшін «Футбол сабағы» жобасына енгізілген. «Аз уақыт ішінде республикалы, облыстық деңгейде үш ашық сабақ өткізілді. Бүгінгі кездесу футболды дәріптеу және оқушылардың осы спорт түріне қызығушылын арттыру мақсатында ұйымдастырылды», - дейді №1 мектептің дене шынықтыру мұғалімі Саят Қизат.

Сүйікті футбол командасының ойыншыларымен кездескен оқушылар  шексіз қуанышқа бөленді. Фотосессия өткізіліп, қолтаңба алынды.