ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектепке дейінгі мекемедегі инновациялық бағалау сараптамасы
01-06-2018 10:21
Мектепке дейінгі мекемедегі инновациялық бағалау сараптамасы

 

Ағымдағы мамыр айының 30 күні Білім беру бөлімінің сараптау тобының мүшелері 2017 - 2018 оқу жылы бойынша № 120 мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие беру орталығын қорытынды есеп беру отырысы өтті.

Есеп беру отырысында сараптау тобының мүшелері білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Г.А.Шиндлярская, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалықколледжінің оқытушысы А. Е. Есмағамбетова, білім беру бөлімінң әдіскері Н. К. Нургалиева қатысты.

№ 120 сәбилер бақшасының әдіскері Д. Т. Гарифуллина мектепке дейінгі мекемеде заттық-дамыту орталығының мазмұны мен даму бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша сараптау тобының мүшелеріне есеп берді.

         Жалпы ұйымдастырылған семинар этнопедагогика элементтерін қолдану арқылы мектепке дейінгі мекемеде балалардың тілдікқатынастарын дамытуда жағдай жасау бойынша өтті. Ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілікті бала бойына сіңіре отырып, халық шығармашылығын, мәдениетін, ұлттық ойындарын дәріптеу, оны меңгеру, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды жалғастыруға септігін тигізер деген мақсатпен жұмыс істейтін сәбилер бақшасы өз жұмыстары бойынша күннің екінші жартысында өткізілетін үйірмелерден ашық көрсетілімдер ұсынылды. Оның ішінде қол өнер, ұлттық аспаптар оркестрі, жылжымалы музей.

         Әлеуметтік-серіктестік жұмыстары бойынша Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалықколледжінің МДТ бөлімінің меңгерушісі С. Б. Жангазинов, Б. Жырау музейінің ұйымдастырушы-әдіскері М. Қ. Есмуханов, Ж. Аймаутов атындағы  қазақ музыка драма театрының әкімшілік қызметкері Д.Н. Әділ балабақшамен этнопедагогика элементтерін қолдану бойынша бірлескен бағдарламасын жүзеге асыруды қорытындылап, есеп берді.

Сараптау тобының шешімі бойынша мектепке дейінгі мекемеде қолданатын педагогикалық технологиялар мен этнопедагогикалық авторлық бағдарламаларды қала деңгейінде бөлісіп, кең көлемде тәжірибе алмасу.