ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалық шақтың шуақты мерекесі
01-06-2018 18:12
Балалық шақтың шуақты мерекесі

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы  № 1 балалар музыка мектебінде Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақтың шуақты мерексесі» атты есеп беру концерті өтті. Концерт өз кезегінде мектеп оқушыларының жетістік көрсеткіштері мен қорытындыларын шығаруға арналды. Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі конкурстар мен фестивальдердегі сексен алты жүлделі орын - бұл оқу жылы ішіндегі біздің оқушыларымыздың жеңісі.

Концертке мектептердің 300 аса оқушысы мен 9 шығармашылық ұжымы қатысты. Әр түрлі шарлар, аула балаларының сыңғырлаған күлкісі – барлығы мерекелік көңіл-күй атмосферасын туғызғандай.

Музыкалық нөмірлер әдемі және жан-жақты шықты. Саксофонның жарқын дауысы, роялдың айқын дыбысымен үйлесіп, қобыз бен гитараның ішектері бірлесіп ән айтқнадай. Көрермендер Джордж Гершвиннің атақты «Острый ритм» және Bobby Msferrin «Don’t Worry be happy» туындыларын орындаудағы үрлемелі аспаптар ансамблінің өнерін ерекше тыңдады (жетекшісі Евгения Михайловна Лысова). Тыңдармандарды ішекті аспаптар ансамблінің өнері (жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук) ерекше баурап алды.

Қол шапалақтаушылар мен көрермендердің жарайсың деген дауыстары «Серпін» қазақ ұлттық аспаптар ансамблінің (жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова), халықаралық конкурстардың лауреаттарының, Бекмұрат Әділ, Новосельцеа Ромаа, Досанова Дина, Рудишева Диана, Исамбаева Тамиля, жас музыканттардың 51-ші облыстық конкурсының лауреаты Тимур Айтмагамбетовтың өнерін қарсы алды.

Мектеп педагогтарының эстрадалық ансамблінің өнерлері концерттің сәнін келтірді, олардың орындауларында баршаға таныс Джери Херманның «Хеллоу Долли» және Джеральд Маркстің «All of me» туындылары шырқалды.

Ересек хор Джордж Гершвиннің танымал «Clapa you hand» джаз туындысын  және Исаак Дунаевскийдің «Весна идет» әнін орындады (жетекшісі Ксения Владимировна Миронец).

Концерттің шарықтау шегі қазақ және орыс ұлттық аспаптар оркестрлері мен жинақталған хормен орындаған «Сары арқа» туындысы болды, дирижері Куаныш Мейрамович Ермекбаев. Қорытынды нөмірді орындау кезінде сахнада 110 оқушы болды. Бұл орасан зор финал, әрі мерекелік концерттің жарқын аяқталған сәті еді.

Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская «Музыка мектебі ең алдымен ғажайыпты түсінетін және сезінетін адамды тәрбиелеу. Концерттік өнерлер, конкурстар мен фестивальдерге қатысу - мұның бәрі тұлғаның, оқушының шығармашылық дамуы мен өзін-өзі кәсіби анықтауын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп есептейді.

Оқу жылы аяқталды, бірақ мектеп белсенді шығармашылық жұмысты жалғастырады. Алда концерттік практика, жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына арналған кәсіби бағыт-бағдар беру концерттері, жазғы мектеп жанындағы профильдік лагерь.