ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақ тілінде сөйлейміз
04-06-2018 11:08
Қазақ тілінде сөйлейміз

 «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы шеңберінде Павлодар қаласының № 86 сәбилер бақшасында ересек мектепке дейінгі жастағы өзге ұлт балаларының арасында «Көңілді ойын аланы» бағдарламасы бойынша конкурс өтті.

Мақсаты - қазақстандық теңдікті, мемлекеттік тілді үйрену арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Бастапқы кезеңде сайысқа 382 бала қатысты. Олар балабақшада өткен іріктеу кезеңіне қатысты.

Сайыстың қалалық кезеңіне 26 қатысушы өтті. Олар ең үздік тәрбиеленушілер болды.

Қатысушылардың барлығы мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктерін таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқу, ән айту сайыстарында  көрсетті. Конкурс қорытындысын құзырлы әділқазылар алқасы - «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестік өкілдері шығарды.

Сайыстың қорытындысы бойынша «№ 86 сәбилер бақшасының» тәрбиеленушісі Карпеченко Ярослава бас жүлдеге ие болды, 1-орын - «№ 116 сәбилер бақшасының» тәрбиеленушісі Ильченко Милана, 2-орын - «№ 24 сәбилер бақшасының» тәрбиеленушісі Ким Тамир, 3-орын - «№ 104 сәбилер бақшасының» тәрбиеленушісі Кромер Кира.

 Барлық қатысушылар мен оларды осы байқауға дайындаған педагогтар облыстың Қазақстан халқы ассамблеясының мадақтамаларымен марапатталды.