ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас табиғат қорғаушыларының жазғы демалысы
06-06-2018 10:47
Жас табиғат қорғаушыларының жазғы демалысы

Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған, қалалық іс-шараларға белсенді қатысты. Іс-шаралар облыстың экология Жылын тойлау аясында өтіп жатыр.

3 - 5 маусым күндері Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «ЭКОМ» ҚБ-мен бірлесіп, қалалық іс-шаралар - экологиялық қолөнер байқауын, шағын-квес, «Альтернатива» байқауын, ең пайдалы өсімдіктер презентациясын өткізді.

«Қоқыс жәшігінен шыққан жаңалық» экологиялық қолөнер байқауында экология орталығының «Родная природа» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Коновалова Вика «Үздік сюжетті композиция» номинациясы бойынша «Ауылдағы жаз» атты шығармашылық жұмысы үшін диплом және  естелік сыйлықпен марапатталды, жетекшісі Наталья Николаевна Губарь.

«Экослед» экологиялық квестінде орталық құрамасы 3 орынды жеңіп алып, тамыз айына «Энергетик» демалыс үйінің скауттық лагеріне жолдамаларымен марапатталды. Құрамаға «Экос» және «Жасмин» балалар бірлестігінің 6 тәрбиеленушілері енді.

2018 жылғы 5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен бірлесіп, «Мен табиғатпен дос болғым келеді» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Мерекеге ЖОМ № 5, 9, 41, Кенжекөл ЖОМ  жазғы мектеп лагерлерінің және Орталықтың тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шараның бағдарламасына: жылыжай, мұражай, экология-ботаникалық кешенінің аумағындағы тақырыптық экскурсиялар, шығармашылық байқау, экологиялық квест енді.

«Табиғатты сақта!» атты асфальтқа сурет салу байқауында, жас табиғат қорғаушылары біздің ғаламшарымыздың болашағын бейнеледі, ал «Жасыл ғаламшар» квест-ойын барысында «Қызыл кітаптар беттерінде», «Қанатты достар», «Дәрілік дәріхана» шығармашылық тапсырмаларды орындау кезеңдерінде  экологиялық білімдерін көрсетті.

Мерекелік шараға 120 бала қатысып, нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушылар дәстүрлі түрде марапатталды.