Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептерінде латын қарпін оқитын болады
03-09-2018 09:38
Қала мектептерінде латын қарпін оқитын болады

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Павлодар қаласы № 19 ЖОМ оқушыларына латын қарпін үйрену сыныбы  ұсынылды. Қаламыздың 200-ден астам 5 сынып оқушылары қазақ әліпбиін латын қарпін қолдану арқылы оқитын болады.

Қазақ жазуын қайта жаңғырту шеңберінде жаңа оқу жылынан бастап 5-сынып оқушыларына  жаңа қазақ әліпбиін зерттеу негізінде «Латын қарпі негіздері» атты қосымша курс әзірленген. Оқушылар оқуға, жазуға және сөздерді ажыратуға үйренеді.

Курс бойынша сабақ беру үшін латын тіліндегі оқу-әдістемелік құрал қолданылады. Пилоттық енгізу қазақ тілінен латын қарпіне көшуге дайындық негізі болып табылады. Жоба 34 сағатқа негізделген.

Пилоттық жоба қаламыздың  мемлекеттік тілде білім беретін 9 жалпы білім беру  мектептеріне енгізіледі (№ 1, 2, 7, 12, 19, 22, 25, 35, 37). Павлодар қаласының № 19 ЖОМ бұл курсты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б. А. Турсынова оқытады.

Жобаны енгізу алдын-ала педагогикалық  және ата-аналар қоғамымен, оқушылармен талқыланған болатын. Бүгін курстың мектептерге еңгізілуіне байланысты өтетін дөңгелек үстелге «Ана тілі» орталығының директоры Ш. Д. Кенжикова қатысты.

Айта кетсек, бесінші сынып оқушыларын оқыту кирилицадағы алфавит бойынша жүргізіледі, ал «Латын қарпі негіздері» курсын еңгізу оқушыларға латын қарпімен танысуға және 2020 жылы жаңа әліпбиді еңгізуге  жеңіл бейімделуге  мүмкіндік береді.