Мичурин ауылда өткізілген барлық мерейтойлықіс-шараларға «Балдаурен» оқу сауықтыру орталығының оқушылары белсене қатысты.
Мерекелік іс-шара аясында ауданның 90-жылдығына арналған туы салтанатты түрде денсаулық-сақтау ұйымынан «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына берілді, эстафетаның 2-ші күні мерейтойлықтуы «АСАР» әлеуметтік сауықтыру бөліміне тапсырылды.
Ең қызықты іс-шаралардың бірі - мектептің мұражайына баруы болды, мұнда жас экскурсоводтары өз мектебі туралы көптеген қызықты мағлұламатар берді.
Мерейтойға арналған мерекелік іс-шара Гала концертімен аяқталды. Мичурин ауылдың дамуына үлес қосқан тұрғындары - орталық қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мичурин ауылдың әкімі белсенді қатысқаны үшін және ауыл тұрғындарына мерекелік флешмоб сыйлаған үшін «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына жылы лебізін білдірді.
«Мерейтойлық іс-шаралар Павлодар ауданындағы біздің ұйымдардың арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға,жыл бойы бірлесіп жұмыс атқаруыүшін жаңа көптеген жоспарлар мен пікірлер ұсынды» - оқу-сауықтыру орталығының басшысының орынбасары Гүлнар Сәбитқызы Хусаинова айтты.