ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Өз өлкеңді сүй және таны
01-10-2018 12:08
Өз өлкеңді сүй және таны

 

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында журналист, Павлодарлық география үйінің директоры, «Астана» республикалық телеарнасының Павлодар облысы бойынша меншікті корреспонденті Александр Вервекинмен шығармашылық кездесу өтті.

Александр оқушыларға достық командалық бірлестік өткізетін жорықтар, палеонтологиялық экспедициялар, Ертіс өзені бойынша «Көшпенділер» қос палубалы кеме бортында оқушыларға арналған бірегей өлкетану академиясының апталық курсы туралы айтты. Ертіс думаны мерекесіне орай кемелер шеруінің бейнеролигі ұсынылды.

Оқушылар «Джурбай» жас өлкетанушылар клубының жұмысына қызығушылық танытып, «Қаз-хоп» палеонтологиялық табиғи ескерткіші, табылған заттар, экспонаттар туралы сұрақтар қойды. Кездесу соңында бірге фотосуретке түсті.