ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаламыздың бірінші сынып оқушылары 5 мыңнан аса ағаш отырғызды
22-10-2018 17:22
Қаламыздың бірінші сынып оқушылары 5 мыңнан аса ағаш отырғызды

    Облыстық «ЭКО boom» жобасы қарсаңында Павлодар қаласы білім беру мекемелерінде білім беру бөлімі жас жеткіншектерді туған жерінің қоршаған ортасын қорғауға бағытталған «Болашақ бағы» акциясын өткізген болатын.

    Акцияның негізгі мақсаты - оқушылардың экологиялық мәдинетін дәріптеу, ана-аналарының, педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысы арқылы балалардың еңбек және рухани мәдениетін дамыту арқылы өз мектептерінің жанын көгалдандыруға бағыттау.

    Бірінші сынып оқушыларына он бір жыл бойы осы мектептен білім алып, екінші үйлері болып саналатын мектептің жанына тал отырғызу дәстүрі ауамыздың таза болуына көмегін тигізері сөзсіз. Акцияға қатысушылар Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің бірінші сынып оқушылары. Акцияның қарсаңында бес мыңға жуық бірінші сынып оқушылары өз ата-аналарымен бірлесіп бес мыңнан аса қайың, алма талын, емен талдарын отырғызды. Балалар 11 жыл бойы өздері отырғызған талдарына күтім жасайды. Мектеп бітіріп түлек болған кездерінде еңбекке баулу арқылы өз талдарының өсіп жемісін көреді.

  «Болашақ бағы» акциясына Павлодар облысы білім басқармасы басшысы, депутаттар, еңбек ардагерлері қатысты.