ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Командалы интеллектуалдық ойын жүлдегерлері
31-10-2018 00:07
Командалы интеллектуалдық ойын жүлдегерлері

    Оқушылар арасында «Креатив-бой» жүйелі интеллектуалдық ойынға 7 - 9 сыныптың 52 оқушы құрамында Назарбаев Интеллектуалдық мектебі мен облыстың жалпы білім беру мектебінен 13 команда, сонымен қатар қаланың № 9, 39 ЖОМ командалары қатысты. Жарыс мақсаты - команда да ашық шығармашылық міндеттерді шешу, аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамыту.

    Ойын екі турда өтті - іріктеу және қорытынды. Екі турда да жарыс қатысушылары 4 тапсырма орындады.

    Ойын қорытындысы бойынша II орын Павлодар қаласының № 39 орта мектебінің «Smart» командасы және III орын - Павлодар қаласының № 9 мектеп-гимназиясының «Девяточки» командасы жеңіп алды. Белсенді қатысқаны үшін командалар алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

    Интеллектуалдық ойын 2018 жылы 27 қазанда Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде өтті.