ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
711 оқушы жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиадаға қатысуда
07-12-2018 15:17
711 оқушы жалпы  білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиадаға қатысуда

2018 жылы 6 - 7 желтоқсанда № 25 ЖОМ Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілуде.

Мақсаты - білім беделін көтеру,халықаралық олимпиадаға қатысуға дайындық,дарынды балаларды айқындау үшін жағдай құру, өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу, практикалық іскерлігі мен теориялық білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 41 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 711 оқушысы қатысуда.

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада 2 бағыт бойынша 2 кезеңмен өткізіліп жатыр: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география), гуманитарлық (қазақ тілі және әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және I орын алған оқушылар қаңтар айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттаудың салтанатты жиыны 10 желтоқсанда сағат 11.00-де қалалық мәдениет сарайында өтеді.