Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Әрдайым сапта
14-12-2018 09:55
Әрдайым сапта

Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу шеңберінде ағымдағы жылғы 13 желтоқсанда № 18 жалпы орта мектебінде білім беру бөлімі, білім саласы жұмыскерлерінің Ардагерлер кеңесі қалалық кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің бастапқы ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесу өткізді. Олардың атынан қалалық білім беру жүйсенің барлық ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған негізгі мәселелерді түсіндіруімен, кездесуге қатысушылар алдында, Павлодар қаласының № 18 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,  выступил учитель истории школы № 18, «Майдан жолдары» атты облыстық іздеу жасағының қатысушысы Асхат Смағұлұлы Мұқанов сөз сөйледі. Сөз сөйлеуші жылнамаларды құрастыруда, олар жұмыс істеген ұйымдардың тарихын, мектеп мұрағаттарын, мұражайларды құруда, ұлттық мәдениетті сақтауда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім табынуды насихаттауда ардагерлердің рөлі зор екенін атап өтті.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдері ардагерлерді «Бір Ел - бір тағдыр» атты концерттік бағдарламасымен құттықтап, құрмет көрсетті. Концерт бағдарламасында қазақ, орыс әндері орындалды, балалар, республикамызда бір шаңырақтың астында достастық пен келісімде тұрып жатқан, әр түрлі халықтардың билерін билеп, өнерлерін ортаға салды.