ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектептің спорттық өмірі
24-12-2018 12:17
Мектептің спорттық өмірі

Павлодар қаласының № 29 ЖОМ тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі - оқушылардың дене шынықтыруы мен спортпен шұғылдануы, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Мектеп жарыстарын, турнирлерді, спорттық мерекелерді, денсаулық күндерін өткізу үшін мектепте 2 үлкен спорт залы, хореография залы, теннис үстелдері, шахмат кабинеті, футбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолдары, жылдың қысқы мезгілінде мұз айдыны, шаңғы алаңы, қажетті спорттық құрал-жабдықтары бар.

Сауықтыру іс-шараларының нәтижелілігінің негізгі көрсеткіші бұқаралық болып табылады. Оқушылардың 41%-да үйірмелер, спорттың ойын түрлері (жалпы дене шынықтыру, президенттік көпсайыс, шахмат, асық, гимнастика) танымал. Волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі бойынша спорт секцияларында оқушылардың жалпы жұмыспен қамтылуы 1914 оқушы (100%) құрайды. Бірнеше жыл бойы мектеп оқушылары волейбол, баскетбол, футбол бойынша қала мектептері арасында жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. 11 сынып оқушылары Багров Вадим, Камка Александр, Сеннов Борис, Сапышев Мадияр, Костюк Демид, 10 сынып оқушылары Туркот Игорь, Мубарак Еламан, Николаев Роман, 7 сынып оқушылары Заитов Даниель, Ботай Аман қалалық мектеп лигасының баскетболдан бес дүркін жеңімпазы атағын алды (2014 - 2018 жылдар). Оқушыларға өздерін теңестіретін тұлғалар бізде баршылық. Атап айтсақ, мектебімізде дене шынықтыру мұғалімдері Максим Сергеевич Муштаев жеңіл атлетикадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы (2017 жыл), Александр Викторович Макеев Президенттік көпсайыстан спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы (2016 жыл), Юрий Герасимович Симонович үстел теннисінен облыстық және қалалық жарыстардың чемпионы (2016, 2017 жыл) жұмыс істейді.

Көптеген оқушыларымыз спортпен шұғылданады және қалалық спорттық мектептер мен клубтарға барады және 2018 жылы жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен оқушылар да бар - 9 сынып оқушысы Бекешев Нариман  муайтай бойынша Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері, 5 сынып оқушысы Борисовская Анна - әуе гимнастикасы бойынша Орталық Азияның абсолюттік чемпионы, 2 сынып оқушысы Дюсембенова Саида - кекушинкай каратэден облыстың сегіз дүркін чемпионы, 9 сынып оқушылары Бород Артем мен Степанов Богдан, 11 сынып оқушысы Карпов Максим - 2017 жылғы хоккейден Қазақстан чемпиондары, 10 сынып оқушылары Рогальский Юрий мен Гоглачев Артем, 7 сынып оқушысы Моисеев Родион - 2018 жылығы футболдан Қазақстан чемпиондары. 8 сынып оқушылары Граблёв Артём, Омаров Айтуар, Тохтаров Эльдар таэквандо бойынша Қазақстан чемпиондары 2018 жыл. «Королевский гамбит» мектебінің шахмат клубында шахмат нұсқаушысы Сергей Иванович Мансуровпен 2018 жылғы облыстық турнирдің жүлдегері 6 оқушысы Логвиненко Роман тәрбиеленді.

«Әрине, тағы бір ұмтылу, қандай да бір биіктікке жету бар, бірақ біздің мектепте әркімге спорт бұл - өмір, ол бізге кедергілерді жеңу үшін және жаңа жетістіктерге жету үшін күш пен жағымды көңіл-күй береді деген сенім бар», - деп атап өтті мектеп директоры Владислав Александрович Еленич.