ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шыршасы
26-12-2018 16:01
Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шыршасы

2018 жылғы 26 желтоқсан күні «Ертіс» қонақ үйі кешенінде Павлодар қаласының әкімі А.Қ. Күмпекеевтің қатысуымен «Ұлы даланың ғажайып жаңа жылы» атты Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9 - 13 жастағы 150 бала. Жаңа жылдық шырша қатысушыларының барлығы ноутбук, сонымен бірге тәттілер кіретін сыйлық жиынтығын алды.

Балаларды ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алды, театр қойылымы ұйымдастырылды, онда театрдың актерлері, М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтары басты рөлдерді ойнады. Музыкалық нөмірлермен Оқушылар сарайының «Жас Дәурен», «Вдохновение», «Дебют», «Блэйз», «Свет Звезды», «Арман-шоу», «Анастасия», «Айдарай», «Жұлдыздар» үлгілі көркемөнер ұжымдары өнер көрсетті. Мереке соңында мерекелік дастархан жайылды.