ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жаңа жылдағы ғажайып мейрам
28-12-2018 16:03
Жаңа жылдағы ғажайып мейрам

Жаңа жыл - балалардың ең сүйікті мерекелердің бірі, ал жаңажылдық ертеңгіліктер - ата-аналар мен балалар үшін нағыз ертегі.

2018 жылдың 24 - 29 желтоқсан аралығында  Павлодар қаласының барлық мектепке дейінгі мекемелерінде жаңажылдық ертеңгіліктер өтуде. Балақайлар Аяз Ата мен Ақшақармен, ертегілер кейіпкерлерімен кездесуді тағатсыздана күтеді.

Ертегілер кейіпкерлері балаларға қонаққа келіп, сүйікті ертегілердің желісімен көрініс көрсетеді.  Қызықты да әдемі жаңа жылдық мерекелерге қатыстыру арқылы біз балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, әсемділікке деген сүйіспеншіліктерін және ғажайыпқа деген сенімдерін дамытамыз.

№ 120 сәбилер бақшасының педагогтары  жаңажылдық мерекеге үлкен қызығушылықпен дайындалды. Жаңажылдық шырша ерекше әсем безендірілді. Ересек адамдар мен балалар бар ынта мен талпыныспен  жаңажылдық ойыншықтыр мен сыйлықтарды дайындады.

Павлодар қаласындағы № 44 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілерінде    Жаңа жыл  мерекесі қарсаңында Аяз атаның ордасы - мейрам мен ғажайыптар әлемі орын алды.  Ордада бүлдіршіндердің қолымен жасалған мерекелік нышандар, кәдесыйлар көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік залда сәбилерді ертегілер кейіпкерлері қарсы алады. Балалар өлең оқып, ән салып, би билеп, Қазақстанымызға бейбітшілік пен гүлденуді  тілейді және тәтті сыйлықтарды иеленуде. Бүлдіршіндер тілектері орындалатын Аяз атаның жаңа жылдық үйіне қуанышпен  барады.