2019 жылы 24 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары облыстық футбол федерациясының президенті Ұлан Жазылбек Б. Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ-де дене шынықтыру пәнінің әрбір үшінші сағатына футбол сабағын» енгізу апробациясына қатысатын республикалық жоба қатысушыларымен кездесті. Облыстық футбол федерациясы басшылығының жас футболшыларжәне олардың жаттықтырушылармен № 22 мектепте кездесуі кездейсоқтық емес. Дошматов Сұңғат Бейсенбайұлы жаттықтыратын аталған мектеп оқушылары 2018 жылы республикалық «Былғары доп» турнирінде жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы облыс әкімі Б. Ж. Бакауов № 22 мектептегі футбол алаңының ашылуына қатысқан болатын.
Пилоттық жобаға қатысатын облыстағы 66 жалпы білім беру мектебінің 17-сі қала мектептері. Сөз соңында өңірлік футбол федерациясының Президенті жобаға қатысушы жаттықтырушыларға Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан футбол Федерациясымен бірлесіп әзірленген арнайы әдістемелік құралдарды табыс етті.