ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Даналық кеші» жобасының аясында өткізілген шеберлік сабағы
01-02-2019 08:47
«Даналық кеші» жобасының аясында өткізілген шеберлік сабағы

2019 жылғы 31 қаңтар күні Павлодар қаласы № 7 ЖОМ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Даналық кеш» жобасының тұсаукесері болды. Кеш Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының өкілдері - режиссер, әртіс Жангелді Садықов, әртіс, Қазақстан Республикның Тұңғыш Президенті қорының Лауреаты Мұсанова Құралай, әртіс Әнуарбек Ақсұлтанның қатысуымен өтті.

Іс-шарада әртістер театрлық мамандықтармен таныстырды. Оқушылар театрда әртістерден басқа да, сахнадан тыс жұмыс жасайтын біршама мамандықтар иесі, яғни режиссерлер, реквизиторлар, әрлеуші-суретшілер және сахна қызметкерлері бар екенін білді. Оларды сахнадан көре алмағанмен де, олардың есімдерін спектакль алдында берілетін бағдарламалар айдарынан көре аламыз. Әртістердің бірі қазағымыздың киелі домбырасымен ән жырласа, бірі Мұқағали Мақатаевтың поэзиясынан үзінді оқып, бірі спектакль монологын орындау арқылы оқушыларға шеберлік сабағын өткізді.

Оқушылар да сыртта қалмай өз өнерлерін көрсетті. 11 сынып оқушысы Байдюсен Тоғжан «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрына» арнап шығарған өлеңін ұсынды. Кеш соңында мектеп директоры Халида Васильевна Бекбосынова, театр ұжымын «Даналық кеш» жобасын жүзеге асыруда бірлесе атқарған жұмысы үшін алғыс хатпен марапаттады.