Бағдарламалау бойынша VIII облыстық жас өспірімдер олимпиадасына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 6 - 8 сыныптарынан 29 оқушы қатысты. Олимпиада 2019 жылғы 1 ақпан күні дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 34 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушылары Колодин Максим ІІІ орынды иеленді, Малыгин Максим Кұрмет грамотасымен (4-ші нәтиже) марапатталды, мұғалімі Поляков Илья Олегович. Келешекте, Максим шақыру бойынша Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадаға қатысады, онда ол Қазақстан мен Ресейдің оқушыларымен бағдарламаулауда сайысқа түседі.
Колодин Максим – қалалық және облыстық олимпиадалардың ең жас жеңімпазы. Бесінші сыныпта ол бағдарламалауға қызығушылық танытып, бағдарламалау тілдерін белсенді меңгере бастады және бірнеше айдан кейін ең күрделі, бірақ танымал C ++ бағдарламалау тілдерін жетік меңгеріп алды. Максим, қызығушылық оған мұғалім Илья Олеговичтің арқасында келгенін айтады. Мұғалім дарынды оқушыны тани алды және ынтымақтастық пен табысты атмосфераны құруға ат салысты. Максимнің таланты бірегей - 2018 жылы 10-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды, 9-сынып оқушылары арасында облыстық бағдарламалау бойынша олимпиадада I-орын, 9-сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасында ІІІ-орын алды. Ағымдағы жылы Максимнің жеңіс қоржынына информатика пәні бойынша облыстық пән олимпиадасынан II-орын қосылды, онда ол 10-сынып оқушыларымен бақ сынады.
Малыгин Максим де өте дарынды бала, ол 6-сынып оқушылары (2018 жыл) арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы болып табылады, 8-сынып оқушылары арасында өткен қалалық пән олимпиадасында I-орынды иеленді. Ол өте ашық, білімқұмар, дарынды оқушы - сынып, спорт және ғылым саласындағы көшбасшы.