ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектебінің жас бағдарламаушылары
05-02-2019 10:48
Қала мектебінің жас бағдарламаушылары

Бағдарламалау бойынша VIII облыстық жас өспірімдер олимпиадасына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 6 - 8 сыныптарынан 29 оқушы қатысты. Олимпиада 2019 жылғы 1 ақпан күні дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 34 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушылары Колодин Максим ІІІ орынды иеленді, Малыгин Максим Кұрмет грамотасымен (4-ші нәтиже) марапатталды, мұғалімі Поляков Илья Олегович. Келешекте, Максим шақыру бойынша Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадаға қатысады, онда ол Қазақстан мен Ресейдің оқушыларымен бағдарламаулауда сайысқа түседі.

Колодин Максим қалалық және облыстық олимпиадалардың ең жас жеңімпазы. Бесінші сыныпта ол бағдарламалауға қызығушылық танытып, бағдарламалау тілдерін белсенді меңгере бастады және бірнеше айдан кейін  ең күрделі, бірақ танымал C ++ бағдарламалау тілдерін жетік меңгеріп алды. Максим, қызығушылық оған мұғалім Илья Олеговичтің арқасында келгенін айтады. Мұғалім дарынды оқушыны тани алды және ынтымақтастық пен табысты атмосфераны құруға ат салысты. Максимнің таланты бірегей - 2018 жылы 10-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды, 9-сынып оқушылары арасында облыстық бағдарламалау бойынша олимпиадада I-орын, 9-сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасында ІІІ-орын алды. Ағымдағы жылы Максимнің жеңіс қоржынына информатика пәні бойынша облыстық пән олимпиадасынан II-орын қосылды, онда ол 10-сынып оқушыларымен бақ сынады.

Малыгин Максим де өте дарынды бала, ол 6-сынып оқушылары (2018 жыл) арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы болып табылады, 8-сынып оқушылары арасында өткен қалалық пән олимпиадасында I-орынды иеленді. Ол өте ашық, білімқұмар, дарынды оқушы - сынып, спорт және ғылым саласындағы көшбасшы.