2019 жылғы 27 ақпан Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша семинар-практикум өткізілді. Педагог Наталья Александровна Крюкова «Балабақшада «Жас метеоролог» вариативтік компонент бағдарламасын жүзеге асыру» баяндамамен сөз сөйлейді.
Практикалық бөлік үш блокқа бөлінді: балалармен жұмыс, семинар қатысушылары ересек топта «Ауа-райын құрастыру кітабы», сонымен қатар балалардың қармен тәжірибе жүргізудің ұйымдастырылған оқу әрекетінің үзіндісін көрді.
Балабақшада экологиялық тәрбиелеу жүйесінің аса маңызды аспектісі ата-аналармен жұмыс істеу. Осы жұмыс екінші блоктың практикалық бөлімінде ұсынылды. Ересек топ тәрбиеленушісінің ата-анасы «Қысқы тарихтар» кітап-жазулар атты қызықты жобаны қорғады.
Үшінші блокта кадрлармен жұмыс істеу, семинар қатысушылары метеоалаңда жұмыспен танысты және «Ауа-райы кітаптарының» тікелей авторлары болды.
Семинардың қорытынды бөлігінде барлық педагогтарды арт-терапия әдісі арқылы «Ауа-райы - көңіл-күй» суретін құрастыру бойынша шығармашылық шеберханаға жұмылдырылды. Отырыс қорытындысы бойынша «Жас метеоролог» вариативтік компонент бағдарламасын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибе жұмысына баға берілді.