IX қысқы облыстық спартакиада бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы 1 - 2 наурызда облыстың білім беру қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша жарыс өтті. Жарысқа қала және ауданның жалпы білім беру мектептері, колледж және аймақтың жоғарғы оқу орындарының ұстаздары қатысты. Қаланың білім беру жүйесінің ұстаздар абыройын кәсіподақ мүшелері қатарынан № 4, 21, 40 ЖОМ ұстаздары қатысты.
Бірінші күні қатысушылар ерлер және әйелдер арасында еркін стилмен 5 - 3 километр 2 қашықтықта жарысты,екінші күні 2 - 3 километрде кешенді шаңғы және шана эстафетасы өтті.
Бірінші күні жарыста жеңімпаз атанған: Гринякина Э. И., №40 ЖОМ, Дьяченко В.А., № 4 ЖОМ - I орын, Родькин В. А., №21 ЖОМ - III орын.
Екінші күннің кешенді шаңғы эстафетасының нәтижесі бойынша Гринякина Э. И., Родькин В. А., Дьяченко В. А. I орын алды. Шана эстафетасында Бачиев Р. В., № 40 ЖОМ I орын алды.
Жарыс нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған Павлодар қаласының командасы, облыстық қысқы спартакиаданың қорытындысы бойынша I орын және кубок жеңіп алды. Қала ұстаздарының командасын дайындаған № 41 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі А. С. Аюпов.