ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Денсаулық күнін өткізу туралы
18-03-2019 10:57

2019 жылғы 29 наурыз күні сағат 9.15-ден бастап 15.30-ға дейін «Smartkid» сәбилер бала-бақшасы ЖШС-де (Генерал Дюсенов көш., 22 үй) Денсаулық күні өтеді. Мақсаты - салауатты өмір салтына эмоциялық жағымды көзқарасты, қызығушылықты қалыптастыру, физикалық денсаулықты нығайту, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін ата-аналардың бірлескен демалыстарына деген қызығушылығын ояту.

Іс-шараға балалар, оқытушылар, ата-аналар қатысады.

Денсаулық күніне арналған бағдарламасында:

«Біздің отбасымыз спортты жақсы көреді. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» әдіскер Жукова Ольга Владимировна жүргізеді.

Тыныс алу гимнастикасы және өзін-өзі массаж жасау мектебі -  тәрбиешілер Шлейхер Александра Сергеевна, Варюшина Валентина Анатольевна өткізеді («OYNA» орталығының кабинеті).

Музыкалық ырғақты қозғалыстар мектебі - музыкалық жетекшісі Катусенко Наталия Николаевна, (конференц-зал).

Релаксация және психологиялық денсаулық мектебі - психолог Кобец Оксана Михайловна, (психологкабинеті).

Дұрыс және әдемі сөйлеу мектебі - логопед Додабаева Светлана Петровна, (логопед кабинеті).

Сағат 10.30-да - «Мен спортты жақсы көремін» флешмобы хореограф Кульмаметьева Анель Наилевна,(ойын алаңы).

Сағат 15.30-да - «Әкем, анам, мен - спорттық отбасы» спорт жарыстары – даярлық тобының тәрбиешілері Филатова Марина Геннадьевна, Алексеева Наталья Васильевна (музыка залы).

Бұл күні құнарлы, дәруменделген мәзірі ұйғарылады.

«Smart kid» жеке бала-бақшасы 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, қабылдау 2 жасынан басталады, 160 бала қатысады. Бала-бақша талаптарға сәйкес келеді, пәндік-дамыту сабақтары және балалардың физикалық, эмоционалдық, шығармашылық-интеллектуалдық дамуы үшін барлықжағдайлар жасалған. Спорттық, музыкалық залдары, қазақ және ағылшын тілінің кабинеттері, психолог, логопед кабинеттері бар. Оқу-тәрбие үрдісінде танымдық сөйлеу, сенсорика, логика, риторика, ағылшын тілі бойынша авторлық бағдарламалар мен оқытушылардың әдістемелік құралдары пайдаланылады. Қазіргі заманғы даму технологиялары - Дьенешлогикалық блоктары, Воскобовичтің даму ойындары (геоконт, ойын визорлары), сын тұрғысынан ойлау әдістері, сөйлеу тренажерлері, театрдың әр түрлері қолданылады. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау әдістері: кинезиология, степ-аэробика, түсті терапия, фитболаэробика, тыныс алу гимнастикасы, көз жаттығулары, «арт терапиясы» (ертегі терапиясы, бейнелеу терапиясы, музыкалық терапия, құмды терапия). Балалар сабақ кестесіне сәйкес 2 кіші жас тобынан бастап қазақ тілін оқиды. Даярлық тобында қазақ тілін оқыту бойынша қосымша «Тілтаным» пәні енгізілді. Оқытушылар уақыт режимінде және барлық сабақтарда көптілді компоненттін (үштілділікті) пайдаланады.

Ағылшын тілін оқыту 2 жасынан басталады (1 кіші жас тобынан). Мектепке дейінгі жастағы балаларды эстетикалық дамыту мақсатында театр үйірмелері және хореография сабақтары жүргізіледі. Орташа және даярлық топтарының балалары үшін интеллектуалды дамуға ықпал ететін «OYNA» орталығының фин ойындық әдістері бойынша қосымша сабақтары енгізілді.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі