Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспекторы» республикалық конкурсындағы жеңіс
30-04-2019 13:57
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспекторы» республикалық конкурсындағы жеңіс

2019 жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға арналған республикалық семинар-кеңес шеңберінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» конкурсының қорытындылары шығарылды және жеңімпаздары марапатталды.

Конкурс еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларына қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурушаңдықты төмендету, техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және уәждемелеу мақсатында өткізілді.

Конкурстық комиссияның шешімімен I орынды "Павлодар қаласы М. Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі" ММ еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторы Еремина Лилия Геннадьевна, әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары иеленді, жеңімпазға200000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.