ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа бағалау форматына оқуды жалғастырамыз
30-04-2019 14:03
Жаңа бағалау форматына оқуды жалғастырамыз

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды бағалау процесі-күнделікті табысты оқытуға және оқушылардың функционалдық дағдыларын дамытуға бағытталған үздіксіз процесс. Білім бөлімінің әдістемелік кабинеті бағалау қызметіндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында  педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, формативті бағалауды тиімді енгізу бойынша семинар өткізді. Бағалаудың дәл осы түрі мұғалімге нәтижелі және оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес оқыту процесін жоспарлауға, білім алушының мүмкіндіктерін және қиындықтарды анықтауға,  ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесуге, оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. ПШО лекторы Юлия Геннадьевна Мельникова семинарға қатысушыларды белсенді қатыстыра отырып, құрылымды, формативті бағалау әдістерін, мұғалім мен білім алушы арасындағы сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мұғалімдер оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттарын формативті бағалау үдерісіне енгізу, қандай формативті бағалау әдістерінің, қайсысы артықшылық беру, тапсырманы және дескрипторларды қалай дұрыс құру, бағалау критериилері және нәтижелерді талдау мәселелері толғандырды.

Семинарға қала мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері қатысты,олар оқу жылы бойы білім алушылардың күтілетін нәтижелерге жыл сайын қол жеткізуін қадағалауға мүмкіндік беретін формативті бағалау үшін тапсырмалар үлгілерін құрастыру бойынша шығармашылық топтардың құрамында жұмыс істеді. Шығармашылық топтардың жұмысы жаңа оқу жылында да жалғасын табады.