ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалар өнеріндегі ұлттық сарын
03-05-2019 10:27
Балалар өнеріндегі ұлттық сарын

Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі және көркемсурет мектебінің ортақ жұмыс жоспары шеңберінде көрме ашылды. Көркемсурет мектебінің оқушылары «Ұлттық сарын» тақырыбындағы көрмеге 100-ден аса жәдігерді біріктірді. Оның мақсаты - әртүрлі халықтардың салт-дәстүрімен, ұлттық әшекейлері мен костюм элементтерімен балаларды таныстыру еді.

Көрмеге, Қазақстанда мекендейтін 18 халықтың ұлттық киімдері мен әшекейлері, сонымен қатар бас киімдері бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер нақышында ұсынылды. Жұмыстар кескіндеме, аралас техника, фэлтинг сияқты әртүрлі техникада орындалса, әшекейлер полимерлі балшықтан жасалды. Сәукеле, тымақ, аіыр қалпақ, тақия, тақия сияқты 35-тен аса бас киім папье-машеден дайындалды. Украин, татар, болғар, неміс, армян, башқыр, корей, чуваш, белорус, балкар, сондай-ақ қазақтардың әйел және ер бас киімдері жасанды тері, мамық, майда моншақ және әсем шілтермен жиектелсе, кейбірі футуристтік элементтер қосты. «Ғажап көктұтан» кабардин, «Анаит» армян, «Алтын алма» поляк, «Алдар көсе» қазақ, «Гензель и Гета» неміс, «Солоха» украин және балғарлық «Ақымақ әйел және оның қу ұлы» сияқты халық фольклоры мен әлем елдері ертегілерінің бас кейіпкерлері киіз, түрлі-түсті балшық, пластика, картоннан жасалынды. Көрме мамырдың 15-не дейін жалғасады.