«Ақшағала - 2019» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңінде оқушылар сарайында Павлодар қаласының 5 жалпы білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің балалар би ұжымдары жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен «Халық биі» номинациясы бойынша № 9 ЖОМ би ұжымы, «Заманауи би» номинациясы бойынша № 40 ЖОМ би ұжымы марапатталды.
II дәрежелі дипломмен К. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің «Башлам» би ұжымы «Халық биі» номинациясында, № 39 ЖОМ «Ритмы планеты» би ұжымы «Заманауи би» номинациясында марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен «Заманауи би» номинациясы бойынша «Рақым» балалар жасөспірімдер клубының би ұжымы, Б. Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ «Шаттық» би ұжымы марапатталды.
Байқаудың басты мақсаты оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу. Байқауға мектептен тыс ұйымдардың тәрбиеленушілері мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, байқаудың қалалық және аудандық кезеңдерінің 10 - 17 жас аралығындағы жеңімпаздары қатысты.