Павлодар қаласының облыстық шахмат Үйінде «Мектептегі шахмат» жедел шахмат турниріне бастауыш сынып оқушыларының 160 оқушысы қатысты. «Мектептегі шахмат» пилоттық бағдарламасы бойынша 2 жыл жұмыс істейтін 3-сынып оқушылары үшін турнир биылғы оқу жылында басты болды. Облыста осындай эксперименттік мектептердің саны 12.
«Пилотты» мектептер арасындағы А турнирінде I орынды № 41 ЖОМ 3-сынып, Б турнирінде жеңімпаз болып № 42 ЖОМ, II және III орынды Павлодар қаласының № 25, 17 мектептері иеленді. Барлық турнирлердің жүлдегерлері грамоталар мен медальдар, жеңімпаздар кубоктар алды.
Іс-шараны Қазақстан шахмат федерациясы, Шахмардан Есенов ғылыми-білім беру қоры, білім басқармасы және облыс шахмат федерациясы ұйымдастырды. Өңірде 12,5 мыңнан астам бала шахматпен шұғылданады, олардың 4 мыңнан астамы - Павлодарда.