ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кикбокстің күміс жүлдегері
03-06-2019 14:42
Кикбокстің күміс жүлдегері

       Кикбокстен республикалық чемпионатта Бауыржан Момышұлы атындағы  ЖОМ 9-сынып оқушысы Майдан Темірлан күміс медальге ие болды. Чемпионат 2019 жылы 14 - 18 мамырында Қызылорда қаласында 2002 - 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтті.

      Темірлан бұл спорт түрімен 11 жасынан бері айналысып келеді, оны кикбокстен «Алға» спорт клубының негізін қалаушылардың бірі Серік Болатұлы Қанапьянов жаттықтырады. 2018 жылы Темірлан 14 - 15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қалалық ашық чемпионатта муай-тай бойынша, Семей қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында өткен  Шығыс Қазақстан облысының ашық  чемпионатында II орын, Қостанай қаласында фулл-контакт бойынша республикалық чемпионатта III орын алды. 2019 жылы Текелі қаласында өткен кикбокстен республикалық турнирде I орын алды.   Темірлан кикбокстен басқа журналистикамен де әуестенеді және мектепте «Арай» баспасөз орталығының үйірмесіне қатысады. Оның «Сенің әлемің - Твой мир» облыстық балалар газетінде, «Сарыарқа самалы» облыстық газетінде бірнеше рет мақаласы  жарияланды,  сондай-ақ, «Халық радио» эфирінде сөз сөйледі. Темірлан оқуды спортпен ұштастыруға тырысады, сынып өмірінегі қоғамдық шараларға белсенді қатысады, барлық қоғамдық тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды.