ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Музыка мектебіндегі түлектер мерекесі
14-06-2019 09:03
Музыка мектебіндегі түлектер мерекесі

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің 47 түлегі үшін 6 мамандық: жеке дауыста ән айту, қазақ және орыс ұлттық аспаптар, фортопиано, қылды, үрлемелі және ұрмалы аспаптар бойынша сабақтар, каникулдар, бітіру емтихандары үшін уайымдау артта қалды. Бітіру кеші 2019 жылғы 12 маусымда өтті. Түлектер арасында Мәскеуде өткен «Звезды столицы» XVI халықаралық балалар-жасөспірімдер фестиваль-конкурсының лауреаттары Акан Аружан, Мұзафар Дільнәз (I орын), Солтангали Нуржан  (IІІ орын) иегерлері де болды. 2018 жылы 16 түлектер облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары болып табылады.

Кеш көптеген шарлар, гүлдер, құттықтаулармен мерекелік атмосфераға толы болды. «Мектеп вальсі» әуенімен мектеп бітіру туралы куәлікті салтанатты түрде тапсыру, үздік түлектерді марапаттау үшін түлектерді қарсы алды. Олардың басым бөлігі үшін мектеп болашақта музыкалық білім алуға бастау болады. Кеште мектеп түлектерінің орындауында шынайылық пен жылулыққа толы музыкалық құттықтаулар айтылды. Мектептің дәстүрі бойынша түлектер мен ата-аналар дайындаған музыкалық шоу-капустникте көптеген әзіл-қалжыңдар, театрландырылған суреттер болды. Түлектер әртістік, би қабілеттері мен өздерінің таланттарын көрсету мүмкіндігіне ие болды.