ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Былғары доп» республикалық турнирінің қола жүлдегерлері
24-06-2019 10:04
«Былғары доп» республикалық турнирінің қола жүлдегерлері

Павлодар облысының намысын футболдан «Былғары Доп» республикалық турнирде Семей қаласында Ұлттық Мектеп лигасы аясында Павлодар қаласының № 25 ЖОМ жас футболшылары қорғады. Сегіз күннің ішінде облыс командасы қола жүлдегер атанды. Турнирдің үздік қақпашысы болып команда ойыншысы Қусаинов Алдияр танылды. Футболдан «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының кубоктарымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Жарысқа Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстары мен қалаларынан 10 команда қатысты. Турнирге 2006 - 2007 жылдары туған оқушылар қатысты.