Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Білім және ғылым» тамыз педагогикалық кеңесі аясында 2019 жылы 19 тамызда Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері кітапханашыларының тамыз кеңесі өтті.
Нәтижелі конференция жұмысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, кітапханалардың өз бетінше білім алу қабілетін қалыптастырудағы рөлі, кітапхана жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану туралы мәселелер талқыланды. Модераторлар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы А. Ф. Деревнина, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасының технология және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Т. К. Алькенова, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының Халықаралық кітап секторының жетекшісі А. Ж. Сүлейменова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашысы А. А. Гуринова болды. Диалог түрінде № 16, 35, 43 мектептердің кітапханашылары жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сыныбын өткізді.