ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Республикалық байқуының жеңімпазы
25-09-2019 14:32
Республикалық байқуының жеңімпазы

Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жас маманы Иванова Майя Сергеевна ІІІ республикалық «Татар қызы - 2019» байқуының жеңімпазы атанды.

Байқау барысында Майя Сергеевна өзінің шығармашылық қабілеті мен татар тілін жетік меңгеру деңгейін, Ертіс өңірі этностарының рухани құндылықтарын сақтау және жаңғырту ісіндегі кәсіби қабілетін көрсете алды. Байқау ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының татар-башқұрт этномәди орталы болып табылады. Байқау жеңімпаздардын марапаттау рәсімі Қазақстандағы Татарстанның өкілеттік өкілдігінде өткізілді, Майя Иванованы Өкілеттті өкіл Денис Валеев «Татар қызы - 2019» байқауының  жеңімпаз тәжісі мен дипломымен және құнды сыйлығымен табыстады.

 Майя мектебіміздің татар-башқұрт бөлімшесінің педагогы ретінде 2017 жылдан қызмет атқарып келеді, ол балаларға татар тілі, музыка пәндерінен сабақ береді. Өзі хореографиямен айналысады, татар этносының салт-дәстүрлері бойынша байқауларының белсенді қатысушысы. Мектеп басшысы Айтқұлов Ербол Ризаұлы «Біз Майяны мектебіміздің түлегі ретінде, кәсіптілігі, патриоттылығы және белсенді азаматтылығы үшін мақтан тұтамыз», - деп өз ойын білдірді.