ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Үздік жыл тәрбиешісі
27-09-2019 09:53
Үздік жыл тәрбиешісі

2019 жылдың 16 - 24 қыркүйек аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 29 балабақшасында «Жыл тәрбиешісі» байқауын өткізді. Мақсаты - тәрбиешінің оң имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық қызметті ынталандыру және көтермелеу. Байқауға қаланың 37 мектепке дейінгі ұйымдарынан 38 педагог қатысты. Байқау екі кезеңде өткізілді.

«Педагогикалық ұстанымды қорғау» І іріктеу турының шеңберінде 16 қыркүйек күні байқауға қатысушылар инновациялық идеяны, кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау мақсатында жұмыс тәжірибесін ұсынды. «Педагогикалық ұстанымды қорғау» 1-ші іріктеу айналымының қорытындысы бойынша 2-ші ақтық айналымға балабақшалардың «Шоқжұлдыз» номинациясы бойынша тәрбиешілер Амирбекова Ырым Сағатқызы (№ 20), Филатова Марина Геннадьевна («Smart kid»), «Шеберлік шыңына» номинациясы бойынша балабақшалардың тәрбиешілері Алейникова Лидия Сергеевна (№ 96), «Үміт» номинациясы бойынша балабақшалардың тәрбиешілері Бакеева Ботагоз Серікқызы (№ 33), Иващенко Александра Анатольевна (№ 126), Кузькова Зарина Жабраловна (№ 29), Тұрғанбаева Құралай Жұматаевна (№ 122), Жұмадилова Алия Азаматқызы (№11) қатысты.

23 - 24 қыркүйек күндері ақтық турда қатысушылар білім беру идеясын тәжірибеде көрсету мақсатында бейтаныс топта ашық сабақтар - мастер-класстар өткізді. Сайысқа инновациялық технологияларды жүзеге асыратын 12 тәрбиеші кәсіби шеберлік деңгейін көрсетті. Педагогтар балалардың ойлау белсенділігін дамытатын авторлық ойын құралдарының көмегімен балалар қызметін шебер басқарды. Қандай да бір мәселені шешу үшін жаңа материалды меңгеруге уәждеме жасаған жағдайлар, әдістер мен тәсілдер тапты, балалардың ойлау, дәлелдеу қабілеттерін дамытып, қиындықтарды жеңу ниетін тәрбиелейді.

Конкурс қорытындысы бойынша жалпы рейтингте ең көп ұпай жинаған төрт жеңімпаз анықталды: Бас жүлде және «Үміт», «Шеберлік шыңына», «Шоқжұлдыз» әр номинациясының бір жеңімпазы және үш лауреат. Байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне арналған қалалық мерекеде өтеді.