8, 12, 16 жасқа дейінгі балалар арасында жылдам шахматтан облыстық турнирдің қорытындысы бойынша облыс әкімінің кубогы үшін 18 орыннан 14 жүлделі орынға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары ие болды.
8 жасқа дейін (ұлдар) I орынды № 42 ЖОМ оқушысы Шорманов Даниель, III орын - Галлам Алишер (№19 ЖОМ), қыздар арасында I орын - Рау Мунира, № 42 ЖОМ оқушысы, III орын - Шакая Налина (№ 11 ЖОМ).
12 жасқа дейін (ұлдар) I орынды № 39 ЖОМ оқушысы Зейнышев Елнұр, II орын - Омар Темірлан (№ 19 ЖОМ), III орын - Баянтас Асман (№ 22 ЖОМ), қыздар арасында I орын - Суенова Анастасия, № 9 гимназия-мектебінің оқушысы, II орын - Михеева Вера (№ 43 ЖОМ), III орын - Наурызбай Айдана (№ 41 ЖОМ) иеленді.
16 жасқа дейін (ұлдар) I орынды № 1 ЖОМ оқушысы Балмағамбетов Тимур, II орын - Кертаев Натан (№ 11 ЖОМ), III орын - Малыгин Владислав (№ 9 гимназия-мектебі), қыздар арасында II орынды № 24 ЖОМ оқушысы Асылбекова Сания иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз санаттарында жарысты ұйымдастырушылардың мақтау қағаздарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстар 2019 жылғы 27 - 29 қыркүйекте облыстық білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен № 1 «Шахмат үйі» БЖСМ өткізілді. Мақсаты - «Мектептегі шахмат» республикалық бағдарламасы аясында өңірде шахмат қозғалысын дамыту. Барлығы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, Ертіс, Павлодар, Баянауыл, Железин, Ақкөл, Тереңкөл, Ақтоғай аудандарынан 220 оқушы қатысты.