Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылы 10 қазанда сағат 10.00 № 43 ЖОМ (Лермонтов көшесі, 95) қаланың жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.
Мақсаты - қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету, дарынды балаларды қолдау және дамыту.
Олимпиадаға қаланың жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатарынан, филология бойынша үздік білімі бар және лингвистикалық ғылыммен айналысатын оқушылар қатысады.
Көп ұпай жинаған қатысушылар облыстық лингвистикалық олимпиадаға қатысады.Тел. 322343
Павлодар қаласы білім беру бөлімі