ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Үздік жыл психологы» облыстық конкурсының қорытындысы
08-10-2019 09:17
«Үздік жыл психологы» облыстық конкурсының қорытындысы

Іріктеу турының нәтижелері бойынша облыстық кезеңге 39 педагог-психолог шықты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің 6 психологі. Конкурстың облыстық финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша ІІ орынды № 15 ЖОМ психологы Хамитова Алмагүл Аманжолқызы, ІІІ орынды Павлодар қаласының № 24 сәбилер бақшасының психологы Нагасимова Дана Юрьевна иеленді.

Байқау шарты бойынша кәсіби шеберлік, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында психологтың жеке тұлғасын өзін-өзі анықтау және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті, білім беру үдерісінде психологиялық міндеттерді шеше білу және жобалау қабілеті, психолог мамандығы туралы стандартты емес ойларымен эссе жазу, өзінің кәсіби көзқарастары бағаланды. Конкурсты облыс білім басқармасының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы өткізді. Мақсаты - талантты психологтарды қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету.