ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Музыкалық сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңа тәсілдері
21-10-2019 10:59
Музыкалық сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңа тәсілдері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2019 жылғы 16 қазанда № 53 сәбилер бақшасында «Музыкалық сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» атты семинар-практикум өткізді. Мақсаты-жаңа стандарттарды іске асыру жағдайында педагогтарға әдістемелік және ақпараттық кеңес беру. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 36 музыкалық жетекшісі қатысты.

Семинарда білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева педагогтарды музыкалық даму бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа стандарттарын жүзеге асыру бойынша нормативтік-құқықтық базамен таныстырды. № 53 сәбилер бақшасының музыкалық жетекшісі Наталья Андреевна Науменко жоспарлау түрлері туралы айтып, музыкалық қызметтің әр түрлі түрлерінің перспективалық жоспарының үлгі сұлбасымен, тақырыптық сабақтың жоспар-конспектімен таныстырды, бағдарламалық-дидактикалық материалды көрсетті. «Экспресс-театр» мастер-классында Наталья Андреевна педагогтармен сахналық миниатюраға қатысты, қатысушыларға музыкант, автор және орындаушы ретінде өз таланттарының барлық спектрін көрсетуге мүмкіндік берді. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар, жадынамалар берілді.