ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Стратегиялық сессия: басшы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту
22-10-2019 16:11
Стратегиялық сессия: басшы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде тиімді менеджмент мәселелеріне талаптар арттырылды. Стратегиялық басқарудың маңызды құралдарының бірі, білім беру ұйымының қызметін жаңарту векторы мектепті дамыту бағдарламасы болып табылады. 2019 жылдың 21 - 22 қазан аралығында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының базасында «Директорлар клубы» аясында мектеп басшылары мен ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасарларына арналған стратегиялық сессияның бірінші сабағы өткізілді.

Сабақтың модераторлары АҚ басқармасының бастығы Г. К. Құрманова, «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Т. А. Евсюкова болды. Стратегиялық сессияның мақсаты - мектептің даму бағдарламасын жоспарлаудағы жаңа тәсілдерді интерактивті түрде талқылау.  Сессияға 80 адам қатысты.

Сессияның міндеті - білім сапасын қамтамасыз етуге қойылатын жаңа талаптар негізінде жергілікті стратегиялық құжаттарды жобалау бойынша мектеп басшысының кәсіби құзыреттілігін арттыру. Жұмыс барысында оқытудың белсенді стратегиясы қолданылды: «Идеялар кілемі», «Құндылықтарды тексеру», «NB белгісі бар оқу», «Трансформация», «Стратегиялар мен сындар».

Сессияға қатысушылардың топтық өзара іс-қимылы мектептің уақыт талабына жауап беруге дайындығы тұрғысынан білім сапасын қамтамасыз етуге нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын талқылауға және социумның жаңа сұраныстарына уақытында жауап беруге мүмкіндік берді. Мектептің ресурстық мүмкіндіктерін модельдеу, бөлінген көшбасшылықтың ықтимал модельдерін жобалау, даму бағдарламаларының әр түрлі нұсқаларының ұсынылған өлшемдеріне сәйкес талдау және бағалау сессияға қатысушыларға құжатты құрылымдау, оның мазмұндық толықтырылуы, мектеп миссиясын және даму перспективаларын көру бойынша өз ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Директорлар клубының» жұмысы жалғастырылады. Келесі стратегиялық сессияда қатысушылар мектеп жұмысының проблемалық-бағдарлы талдауын жүргізу дағдыларын меңгеру, SWOT-талдау түріндегі қорытындыларды жинақтау, мектеп жұмысының перспективалық жоспарлаудың бағыттары мен мазмұнын талқылау бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарлануда.