ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Облыстық байқауда қала педагогтары 27 жүлделі орынға ие болды
25-10-2019 09:03
Облыстық байқауда қала педагогтары 27 жүлделі орынға ие болды

Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Педагогикалық идеялар панорамасы»  республикалық бейне-сабақ және бейне-дәрістердің облыстық кезеңінің қорытындысын шығарды.

Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының педагогтары 27 жүлделі орынға ие болды - I орын - 5 педагог, II орын - 9, III орын - 6 және 7 жеңімпаз-номинанттар.

«Мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері» номинациясында № 96 балабақшаның әдіскері Светлана Леоновна Ниязова III орынға ие болды.

«Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері» номинациясында I орынды № 27 балабақшаның тәрбиешісі Наталья Петровна Кишкина алды.

«Орта білім берудегі заманауи технологиялар» бағыты бойынша «Бастауыш сынып мұғалімдері» номинациясында III дәрежелі дипломға № 21 мектептің мұғалімі Марина Төлегенқызы Жаныбекова, II дәрежелі дипломға № 40 мектептің мұғалімі Игорь Андреевич Гноева ие болды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болған мұғалім Шайзат Қиниятқызы Құрмашева, І дәрежелі дипломға ие болған № 16 лицей-мектебінің мұғалімі Армангүл Мұхтарқызы Сыздықова.

«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері» номинациясында II дәрежелі диплом иегері - № 5 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Анжела Викторовна Тарасенко.

«Ағылшын тілі мұғалімдері» номинациясында III дәрежелі дипломға № 16 лицей-мектебінің мұғалімі Айтолқын Серікқызы Қайыржанова, II дәрежелі дипломға – № 34 мектептің мұғалімі Егор Сергеевич Медведев, I дәрежелі дипломға - № 39 мектептің мұғалімі Татьяна Владимировна Жукова ие болды.

«Химия мұғалімдері» номинациясында III дәрежелі диплом иегері № 17 мектептің мұғалімі Надежда Геннадьевна Кончикова болды.

«Биология мұғалімдері» номинациясында II дәрежелі дипломға ие болған № 17 мектептің мұғалімі Татьяна Петровна Огурцова.

«Тарих және құқық, дінтану мұғалімдері» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері Б. Момышұлы атындағы мектеп мұғалімі Сауле Балтабайқызы Амирова болды.

«Өзін-өзі тану мұғалімдері» номинациясында II дәрежелі дипломға № 16 лицей – мектебінің мұғалімі Алмагүл Майданқызы Малоярова, I дәрежелі дипломға К. Мапалеева атындағы мектеп мұғалімі Махаббат Сыльбекқызы Утеуова ие болды.

«Технология және сызу, графика және жобалау мұғалімдері» номинациясында III дәрежелі диплом иегері № 27 мектептің мұғалімі Жанар Сембайқызы Найманова, II дәрежелі диплом - № 26 мектептің мұғалімі Ардақ Бостауқызы Қалиақбарова I дәрежелі диплом - № 18 мектептің мұғалімі Галина Сергеевна Дегтярева.

«Дене шынықтыру мұғалімдері» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломға № 24 мектептің мұғалімі Сағидолла Муталапұлы Шазинда, II дәрежелі дипломға № 18 мектептің мұғалімі Әсия Арслангаряевна Родькина ие болды.

«Қосымша білім берудегі заманауи технологиялар» номинациясы бойынша балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогтары Жанна Қайыргелдіқызы Темірова, Зауре Елубайқызы Сарбасова II дәрежелі дипломға ие болды.

«Педагогикалық идея және шығармашылық үшін» номинациясы бойынша № 122 мектепке дейінгі гимназияның тәрбиешілері Динара Мейрамқызы Бақтыбаева, Жанат Арманқызы Алькеева, № 7 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжахан Раимовна Қадырбаева, № 27 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Анатольевна Грайко, № 9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Наталья Петровна Екасева, № 39 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұргүл Қәжікенқызы Шаймұханова, № 7 мектептің химия мұғалімі Хавдыл Жанаргуль, № 19 мектептің қазақ тілі мұғалімі Гүлбаршын Саматқызы Сулеева марапатталды.