ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептері алма бағын отырғызу жұмыстарын жүргізуде
28-10-2019 14:37
Қала мектептері алма бағын отырғызу жұмыстарын жүргізуде

«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын, «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың жалпы білім беретін мектептерінде «Алма бағы» атты алма бағын салу бойынша жұмыс жүргізуде. Жобаның мақсаты - мектеп аумағын көгалдандыруда оқушылардың, ата-аналардың, педагогикалық ұжымның бірлескен қызметі арқылы тұлғаның еңбек, рухани-адамгершілік дамуы негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Жоба аясында мектеп аумағында алма ағашының 20 сорты отырғызылады, оның 5 сорты Ресейдің Челябинск питомнигінен әкелінген, біздің өңіріміздің климатына бейімделген. Көшеттерді мектеп түлектері мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар орталығы сыйға тартты. Іс-шараға «Ардагер» ардагерлер кеңесінің өкілдері, мектеп түлектері, педагогтары мен оқушылары қатысады. Сонымен қатар «Алма бағы» жобасы аясына № 36 жалпы орта білім беретін мектебінде 30 астам алма сорты отырғызылды.