ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Дзюдодан бірнеше дүркін жеңімпазы
29-10-2019 09:38
Дзюдодан бірнеше дүркін жеңімпазы

Дзюдо спортынан «Road to Olympic Games» ұранымен өткен халықаралық турнирде 2003 - 2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Павлодар қаласы № 29 ЖОМ-нің 10 сынып оқушысы Забиев Джангир III орынды иеленді. Турнир Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 4 - 6 қазанында Монғолия, Тәджикістан, Ресей елдері мен Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Қараганды, Теміртау, Павлодар қаларынан келген спортшылардың қатысуымен өтті. 2019 жылы Қарағанды қаласында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында III орынға ие болды.

Жангир бұл спортпен 8 сыныптан бастап айналысып келеді, спорт шебер кандидаты атағы бар. Ол мектепішілік футбол, самбо секцияларының белсенді қатысушысы. Спортқа қаншалық күш жұмсаса да оқуын жақсы оқып, мектеп олимпиадаларына, байқауларына қатысып отырады. 2014 жылы Қазан қаласында халықаралық вокал байқауында III дәрежелі дипломға қол жеткізсе, 2016 жылы Италия елінде вокалдан I дәрежелі лауреат атағын алды.