Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ мектеп директорларының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
28-10-2019 08:00

 

«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ

"Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі" ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Урицкий к., 78, тел. 55-04-83, э/пошта:pvl_school@mail.ru)

"Павлодар қаласының Қ. Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин к., 60, тел. 50-06-86, э/пошта:school12.87@mail.ru)

"Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебі" ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Катаев к., 36, тел. 68-35-00, э/пошта:14school_pavl@mail.ru)

"Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі» ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Катаев к., 68, тел. 57-08-62, э/пошта:sopshdo-17@mail.ru)

"Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебі" ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Камзин к., 345, тел. 60-73-13, э/пошта:sosch21.pawlodar@rambler.ru)

"Павлодар қаласының № 23 жалпы орта білім беру мектебі" ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Бакинская к., 4, тел. 61-12-90, э/пошта:23scool@mail.ru)

"Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебі" ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к., 95, тел. 55-68-62, э/пошта:43school@mail.ru)

директорларының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

 

Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 102254 теңгеден 115 048теңгеге дейін

               

Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі– қазақ және орыстіліндеоқытатынжалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1966 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаттылығы – 756 оқушы орны.

Павлодар қаласының Қ. Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі– мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1961 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 1230 оқушы орны.

Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебі– қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1956 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 1100 оқушы орны.

Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі- қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1984 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 1176 оқушы орны.

Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебі – қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1978 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 1200 оқушы орны.

Павлодар қаласының № 23 жалпы орта білім беру мектебі– орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1957 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 500 оқушы орны.

Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебі– қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1973 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы – 960 оқушы орны.

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

 Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

  Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

  Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

 Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Біліктілікке қойылатын талаптар:жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) кәсіби құзіреттілігінің болуы: педагог-сарапшыға, педагог-зерттеушіге, педагог-шеберге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы (мемлекеттік қызметшіні, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

Білуі тиіс:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

КонкурсҚР БҒМ 2012  жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57(өзгерістер енгізілген28.09.2018 ж. № 510)және  және ҚР ҚР БҒМ 2015 жылғы 8 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 173   (өзгерістер енгізілген11.01.2018 ж. № 13)бұйрықтары, Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы «Павлодар облысының білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 153/5  (өгерістер енгізілген 10.07.2019 ж. № 203/2) Қаулысы негізінде өткізіледі.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

  1. конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  2. мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
  3. облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
  4. білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  8. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  10. тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  11. мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Аталған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Комиссия үш жұмыс күні ішінде:біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

Конкурса қатысу үшін қажетті құжаттарбұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің кеңсесі, 10 терезе немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы.

Анықтама телефондары: 32-18-77, 61-60-85, электрондық поштаның мекенжайы: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz