Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылғы 29 қазан күні «Музей достарды шақырады» қалалық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Акцияның ұйымдастырушылары Павлодар қаласының білім беру бөлімі облыстың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. Мақсаты - рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, туған өлкенің тарихын білу және құрметтеу.
Акция шеңберінде Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына «Мұражайға қош келдіңіз», музей филиалдарына Майра Шамсутдинованың «Майраның ән мұрасы» ән шығармашылық үйіне, Багаев атындағы мұражай - үйіне, «История в фотографиях Багаев», «Хранители военной славы» әскери Даңқ мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылады. Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайында Жанас Ысқақовтың 70 жылдығына арналған «Ерекше дарын иесі» көрмесі ашылады. Облыстық көркемсурет мұражайында мұражай қорынан «Мерейтойлық тостаған» көрмесі ұсынылады. П. Васильев музей-үйінде Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақ даласының қыраны» атты әдеби сабақ өткізеді. Шафердің мұражай-үйінде «Тарихтың дыбысталған жылнамасы» әуені тыңдалады.
Оқу жылының соңына дейін қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушылары облыс орталығының мұражайларына бару жоспарланып отыр.