ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту
01-11-2019 09:04
Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту

Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2019 жылы 30 қазанда № 39 ЖОМ-да «Сабақта математикалық сауаттылықты дамыту» бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімі семинар-практикум өткізілді. Қала мектептерінің 40 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинарда № 39 ЖОМ математика мұғалімдері Л. Г. Кутнова, Р. М. Бураханова, З. Е. Шапихова математикалық сауаттылықты дамыту тапсырмаларын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Практикалық сабақ барысында ойын арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды қалай таңдау керектігін көрсетті. Математикалық сауаттылықты 5 сыныптан бастап біртіндеп дамыту қажет. Бұл ретте педагогтарға сабақ барысына «Өзгеріс пен тәуелділік», «Кеңістік пен пішін», «Белгісіздік», «Сандық пайымдаулар» тапсырмаларын үнемі енгізу қажет. Бұл бағыттағы жұмыс семинар иелерінің қызығушылығын тудырды. Командада жұмыс істей отырып, олар математикалық сауаттылық бойынша тест спецификациясына сәйкес бөлімдер бойынша өздеріне берілген тапсырмаларды сәйкестендірді.

Қатысушыларға «Интеграцияланған МИФ ойыны (математика, информатика, физика)» атты электронды оқу құралы таныстырылды. Семинар модераторлары қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар дайындады.