ХІІ республикалық Президенттік олимпиаданың II іріктеу турының қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 11 сыныптың 2 оқушысы қорытынды республикалық кезеңіне өтті.
Облыстық және қалалық деңгейдегі 20 оқушыдан барлығы 12 оқушы қорытынды кезеңнің қатысушылары,сонымен қ атар Павлодар қаласының № 34 ЖОМ оқушысы Исадинов Диас және № 4 ЖОМ оқушысы Ильяс Сұлтан. Республикалық қорытынды тур Теміртау қаласында 15 - 19 қарашада өтеді.
Диас пен Ильяс бірнеше рет жақсы нәтижелер көрсетті. Диас математика бойынша бірнеше рет қатысушы және олимпиада жеңімпазы - 2017 жылы математика бойынша қалалық олимпиада да III орын алды. 2018 жыл - математика бойынша қалалық олимпиада да I орын, 2019жылы - математика бойынша облыстық олимпиада да III орын. Сұлтан республикалық олимпиаданың қатысушысы болып табылады, оқушылар арасында химия бойынша қалалық және облыстық олимпиаданың көп мәртелі жеңімпазы және жүлдегері (2018 жыл - химия бойынша қалалық пән олимпиадасында I орын және облыстық кезеңде I орын, пән олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің мақтау грамотасымен марапатталды).