Математика пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасына ең жақсы білгірлер атағына олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыстың мамандандырылған мектебі мен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7 - 8 сыныптың 110 оқушысы қатысты.
Павлодар қаласының командасында - 8-сынып оқушылары № 9 гимназия-мектебі Троян Леонид, № 16 лицей-мектебі Семенов Александр, № 17 мектебі Смагин Александр, № 34 ЖОМ Бехтина Ангелина, № 36 ЖОМ Коноваленко Карина, № 38 ЖНМ Борецкий Никита, № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Абишев Нариман. Олимпиада 2 тур бойынша өтті - теориялық (есеп шығару, тест) және практикалық тур.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ орынға Семенов Александр (№ 16 лицей-мектебі), ІІІ орынға - Бехтина Ангелина, Абишев Нариман (№ 34 ЖОМ), Борецкий Никита (№ 38 ЖНМ) ие болды.
Математика бойынша жасөспірімдер олимпиадасы 2019 жылы 8 қарашада Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 3 гимназия мектебінде өтті. Мақсаты - таланты балаларды қолдау, шығармашылық қабілетін дамыту, математика пәніне қызығушылығын ынталандыру.