2019 жылы 13 қарашада Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде «Nur Otan» партиясы «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акцияны қолдауда «Менің Туым, менің Отаным!» кең ауқымды акция өтті. Мақсаты - Мемлекеттік туды насихаттау, қазақстан жастар арасында патриотизмді тәрбиелеу,азаматтармен Мемлекеттік туды орнату және пайдалануға тыйым туралы стереотипті жою. Акцияға қала мектептерінің 40 мыңнан астам оқушылары қатысты. Акция аясында туған өлкесі, Отаны туралы оқушылар тақпақ оқыды, Мемлекеттік Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен салтанатты жиын өткізілді.
Акция Алматы қаласында 2019 жылы 13 қазанда «Медеу» биік таулы спорт кешені аумағында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді.
Алматыда туды көтерудің тарихи маңызы бар - бұл қалада Тәуелсіздік жарияланды, мұнда біздің еліміздің Мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.
Акцияны әлеуметтік жүйеде онлайн тарату #Менің Туым Менің Отаным! хэштегпен қоғамдастық Instagram, Facebook сегменте жаппай пайдалану үшін вирустық фильтр құралдарымен жүзеге асырылады.
Акцияның аралық қорытындысын жылсайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер Күніне арналған, салтанатты шаралар үлгісінде өткізу жоспарлануда, 2020 жылы 4 маусымда барлық жерлерде қалаларда Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді.