Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
25-11-2019 10:46
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 21 ЖОМ-да «TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерін жүргізу шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамыту» семинар-практикум өткізді. Мақсаты - халықаралық зерттеулерге дайындық сапасын арттыру, TIMSS, PIRLS-қа дайындық бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен алмасу. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 60-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинарда қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Ш. Ш. Қайырғазина TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерін жүргізу аясында функционалдық сауаттылықты дамыту мәселелері бойынша сөз сөйледі, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті. Н. В. Гетманская, Ж. А. Алпыспаева (№ 21 ЖОМ), С. Қ. Смағұлова, К. Ш. Байшүкір (№ 24 ЖОМ), М. Н. Кузнецова (№ 36 ЖОМ), А. М. Адамбаева (№ 37 ЖОМ), Г. О. Орынгазиева (Жетекші ЖОМ) бастауыш мектеп сабақтарында практикалық сабақтар өткізу, функционалдық сауаттылықты дамыту туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. 

         Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар Блум таксомония бойынша TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында тапсырмалар әзірледі, әдістерді және мәтіндермен жұмыс кезіндегі жағдайды зерттеді және бағалау критерийлерін әзірледі. Дөңгелек үстел барысында оқушыларды дайындау кезінде туындайтын оқушылардың функционалдық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын арттыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

     Семинарда қалалық, облыстық конкурстардың қорытындысы бойынша үздік оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылды. Семинар материалдары мен оқу құралдары PIRLS және TIMSS дайындық кезінде қолдану үшін қалалық мектептерге жіберілді.